Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 31 наурыз 2019 жыл

Байқау ережесі

Орталық Азияның Еуразия Қоры, Tandau Foundation және Ерекше Таңдау-Шелек Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің қолдауымен жүзеге асырылатын «Қолжетімді Қазақстан» жобасының аясында объектілер мен қызметтер қолжетімділігінің мониторингін, адвокациялық қызметті жүргізу үшін үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) мен бастамашыл топтарды іріктеуге арналған ашық байқау жариялайды.
I. Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі қаржыландыратын «Қолжетімді Қазақстан» жобасы туралы

2019 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің қаржылай қолдауымен «Қолжетімді Қазақстан» жобасы іске қосылды. Жобаны «Орталық Азияның Еуразия Қоры» КҚ, «Tandau Foundation» ҚҚ және «Ерекше-Тандау Шелек» КҚ жүзеге асырады. Жобаның серіктестері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Инклюзивті қоғамды дамытудың еуразиялық ассоциациясы» ЗТБ («ЭКОР» қолжетімді ортаны кешенді қалыптастыру орталығы).

Жобаның мақсаты:

Қазақстандағы мүгедектігі бар адамдардың халықаралық стандарттарға сәйкес еркін қозғалысы және объектілер мен қызметтерге тең қолжетімділігі құқығын қамтамасыз ету мен қорғау.

Жобаның міндеттері:

  • Мүгедектігі бар адамдар мен ҮЕҰ қатысуымен Қазақстан бойынша әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін тексеретін қоғамдық мониторинг жүргізу.
  • Қазақстанның аймақтарында қолжетімділікті жақсарту мақсатында әлеуметтік маңызды объектілерді бейімдеу.
  • Мүгедектігі бар адамдарды қолжетімді инфрақұрылым, сондай-ақ объектілер мен сапалы қызметтердің қолжетімділігін насихаттау (адвокация) туралы ақпараттандыру.

Жобаның географиясы:
Қазақстан Республикасының 17 қаласы (14 облыс орталығы және республикалық маңызы бар 3 қала).

Мақсатты топтар:
Тұрғындардың қозғалысы шектеулі топтары (мүгедектігі бар адамдар, олардың отбасылары, кішкентай балалары бар ата-аналар, уақытша жарақаттанған жандар, қарттар, жүкті әйелдер және т.б.).

Мүдделі тараптар:
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі және басқалары, әкімдіктер, мәслихаттар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО), «Нұр Отан» партиясы, бизнес-сектор, құрылыс, архитектуралық-жобалау компаниялары және т.б.

II. Мониторинг және адвокациялық қызмет көрсетуге арналған техникалық тапсырма (жұмыстың көлемі, бюджеті және мерзімдері)

Жоба шеңберінде серіктестер қатарынан аймақтардағы Желі қалыптастырылады. Аймақтық серіктестердің міндеті өз қалаларындағы объектілер мен қызметтердің қолжетімділігіне мониторинг жүргізу, сонымен қатар мүгедектігі бар адамдар мен басқа да қозғалысы шектеулі азаматтардың кедергісіз ортаға құқықтарын қорғау мақсатында адвокациялық қызметпен айналысу.

Жобаның серіктесі ірі ұлттық жобаға қатысу, кәсіби ҮЕҰ/бастамашыл топтар Желісіне қосылу мүмкіндігіне ие болады, Желіде ол жұмыс тәжірибесімен алмасып, тек мониторинг пен адвокация бойынша ғана емес, институционалдық даму бойынша да тереңдетілген білім мен құралдарға ие болады.

Аймақтық серіктестерге арналған жұмыс жүргізу мерзімі: сәуір – мамыр 2019 ж. – бастапқы оқыту, маусым 2019 ж. – тамыз 2020 ж. – тәжірибелік жұмыс (15 ай).

Аймақтық серіктестің міндеттері:

1. Жобаның серіктесі жоба командасымен бірлесіп жұмыс атқаруы тиіс. Жоба командасы мониторинг пен адвокациялық кампания барысында серіктестерге тұрақты қолдау көрсететін болады.

2. Өз қалаларында мониторинг жүргізбес бұрын жобаның оқыту шараларына қатысу қажет: қолжетімділік мониторингінің әдістемесі, мүдделерді қорғау стратегиялары және объектілер мен қызметтерге қолжетімділікті жақсарту бойынша Алматыда тренерлерге арналған үшкүндік тренингке қатысу, жобаны жүзеге асыру барысында онлайн вебинарлар мен курстарға қатысу (мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау, еріктілермен жұмыс, мониторингтің фото- және видео түсірілімі, институционалдық даму, фандрейзинг, әлеуметтік кәсіпкерлік және т.б.).

3. Қоғамдық мониторинг жүргізу үшін өз қалаларында кемінде 30 ерікті мен 530 белсенді азаматтарды тарту, оқыту және қызметін ұйымдастыру. Аймақтық серіктестер жоба командасы құрастырған мониторинг пен адвокация бойынша онлайн-курстарды өз қалаларындағы еріктілер мен белсенді азаматтарды оқытуға пайдаланады.

4. Өз қалаларында кемінде 3200 әлеуметтік-маңызды объектілердің қолжетімділігіне мониторинг жүргізу (50% объектілер қолжетімді немесе жартылай қолжетімді болуы тиіс) және мәліметтерді қолжетімділік картасына енгізу. Оқытудан өткен ҮЕҰ, бастамашыл азаматтар мен еріктілер видео нұсқаулық, бақылау тізімі және объектілердің басшылары мен жергілікті атқарушы органдармен байланыс орнату бойынша нұсқаулық сынды қажетті мониторинг құралдарымен қамтамасыз етіледі. Мониторинг барысында объектілердің фото- және/немесе видео-түсірілімін жүргізу қажет.

5. Өз қалаларындағы адвокациялық қызметке қатысу: түрлі құралдардың көмегімен мүгедектігі бар адамдар мен қозғалысы шектеулі азаматтардың құқықтарын алға тарту (лоббилеу), сондай-ақ жергілікті мемлекеттік сектормен және бизнеспен серіктестік орнату, 270 объект иелеріне кемінде 8 консультациялық кездесу өткізу (кездесуге қатысушылардың орташа саны 35 адам). Қолжетімсіз объектілер мен қызметтердің мониторингінен соң 270 объектінің иелеріне бейімдеу жөніндегі ұсыныстар жасау. Егер объект иесі белгілі уақыт аралығында қолжетімділік деңгейін жақсартуға ешқандай шара қолданбаса, серіктестер ағымдағы құқықтық механизмдер арқылы жауапты органдарды тартуға тиіс болады (кемінде 160 шағым беру). Консультациялық кездесулер, мониторинг және адвокацияның нәтижесінде әр қалада 540 объектінің қолжетімділігі артуы тиіс.

6. Қолжетімділік мониторингі мен адвокациялық қызметтің нәтижелерін талқылау мақсатында өз қалаларындағы жергілікті атқарушы органдар, жеке сектор мен азаматтық қоғамның қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастыру. Жоба командасы іс-шаралардың мониторингін жүргізу және бағалау үшін әрбір дөңгелек үстелге қатысады, жергілікті деңгейдегі мүдделі тараптардың пікірлерін жинайды.

7. Өз қалаларында жергілікті БАҚ өкілдерімен ынтымақтастықта ақпараттық кампания жүргізу, соның ішінде Facebook, YouTube, Instagram әлеуметтік желілеріндегі жарияланымдар.

8. Жоба аясында құрылған ҮЕҰ/бастамашыл азаматтар Желісінің қызметіне белсенді араласу. Желі серіктес ұйымдардың арасында тәжірибе алмасу және онлайн-платформа мен оффлайн кездесулер арқылы ортақ шешімдер табуға қажет.

9. 2020 жылы Астана қаласында Қазақстандағы кедергісіз ортаны дамыту мәселелерін шешуге арналған жоба шеңберіндегі ұлттық конференцияға қатысу.

Аймақтық серіктестердің жұмыс нәтижелері:

Серіктес шығармашылық және қаржы есептерін жіберуге міндетті (жобаның ортасында және соңында), сонымен қатар жоба шеңберінде құрастырылған ортақ аналитикалық жүйеге мәліметтер жіберуге міндетті.

Серіктестің қызмет көлеміне арналған жалпы сома: 1 200 000 теңге.
Аталған сомада салықтар ескерілген. Сомаға жетекшінің, бухгалтердің (қажеттілігіне қарай) еңбекақысы, мониторинг барысындағы көлік шығындары, дөңгелек үстелді ұйымдастыруға кететін шығындар, электронды сызғыш/өлшеуіштер мен жобаға қажетті басқа да шығындар кіреді деп есептелінген.

III. Біліктілік талаптары

Байқауға Қазақстандағы қолжетімді ортаны жақсарту мен дамытуға өз үлесін қосуға дайын, мониторинг және/немесе адвокациялық қызмет жүргізу тәжірибесі бар, жобаның мақсатты топтарымен жұмыс тәжірибесіне ие үкіметтік емес ұйымдар мен бастамашыл топтар шақырылады. Заңды тұлғаның болуы міндетті емес, бар болса құпталады.

IV. Байқауға қатысуға арналған өтінімнің үлгісі

Байқауға қатысуға арналған өтінім бекітілген форма бойынша қазақ немесе орыс тілінде электронды нұсқада жіберілуі тиіс.
Ескерту:жалған немесе жаңылыстыратын ақпарат берген ұйымдар, бастамашыл топтар байқау Ұйымдастырушыларымен қарастырылмайды.

V. Шешім қабылдау үрдісі және іріктеу өлшемдері

Байқау 2019 жылдың 14 наурызы мен 10 сәуірі аралығында өткізіледі*

Өтінімдерді Сараптамалық комиссия қарайды. Жеңімпазды іріктеу барысында тапсырыс беруші қосымша ақпарат сұратуға құқылы (ұсынымхат, т.б.). Байқаудың нәтижелері жеңімпаздарға электронды пошта арқылы 2019 жылғы 5 сәуірден кешіктірілмей хабарланады.

Өтінімдерді бағалау барысында келесі өлшемдер ескерілетін болады (ұйымның тәжірибесі ғана емес, команда мүшелерінің де тәжірибесі ескеріледі):

1. Объектілер мен қызметтерге мониторинг жүргізу тәжірибесі – 30%.
2. Адвокациялық қызмет жүргізу тәжірибесі – 30%.
3. Мүгедектігі бар адамдармен және басқа да қозғалысы шектеулі азаматтармен жұмыс тәжірибесі – 20%.
4. Мониторинг пен адвокацияға қатыстырылатын қызметкерлер/ҮЕҰ қызметкерлері/бастамашыл топтардың біліктілігі мен білімі – 20%.

«Қолжетімді Қазақстан» жобасына қатысуға арналған өтінім_[қала атауы]» белгісі қойылған Өтінім электронды нұсқада 2019 жыл 31 наурызда сағат 23:59-ға дейін info@doskaz.kz (aliya@ef-ca.org копияға қойылуы керек) электронды мекен-жайына жіберілуі тиіс. Содан кейін Сіз өтініміңіз тіркелгені туралы жауап аласыз. Өтінеміз, екі жұмыс күні көлемінде жауап алмасаңыз, жоба командасына хабарласыңыз.

VIІ. Мекен-жай және байланыс ақпараты
Байқауға қатысу туралы қосымша ақпаратты байқау Ұйымдастырушыларына хабарласу арқылы алуға болады:

Ақмарал Қарлыбаева, Орталық Азияның Еуразия Қорының қызметкері, akmaralk@ef-ca.org, 8 (727) 2501810 (ішкі 109),
Алия Испаева, Орталық Азияның Еуразия Қорының қызметкері, aliya@ef-ca.org, 8 (727) 2501810 (ішкі 109),
Ирина Бобкова, Tandau Foundation басшысы, info@doskaz.kz, 8 (701) 9244927

*Өзгерістер 01.04.2019 ж. енгізілді